Алматыда суға батып қаза болған балалар оқуда үлгілі болған.
Басында жоғалып кейіннен денелері лай судан табылған үш оқушының ұстаздары оларды осылай еске алды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Түскі ауысымда оқитын жеткіншектер кеше үйлерінен аман-есен мектепке шығып сол күйі оралмаған.
Ата-аналары кешіккен балаларын іздеп шарқ ұрып арнайы мамандардың көмегіне жүгінген.
Түнімен іздеу жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде оқушылардың денесі бүгін таңға жуық Теректі шағынауданы маңындағы жасанды су қоймасынан табылды.
Наш сайт -
Телеканал Алматы в социальных сетях:
Youtube -
Facebook RUS -
Facebook KAZ -
Twitter -
instagram -
Источник: rutube.ru