Зебра пирогы
Құрамы:
Жұмыртқа үлкен болса 4шт.
немесе майда болса 5шт.
Құмшекер 200гр.
Қаймақ 200гр.
Сары май 100гр.
Ұн 250гр.
Разрыхлитель 1 шай қасық
Какао 2 ас қасық.
Жасалу жолы:
Ең алдымен жұмыртқаға құмшекерді қосып масса ағарғанша миксерлейміз 5-7 минут шамасында.
Содан кейін оның үстіне қаймақ ерітілген сары майды қосып жақсылап 3 минут шамасында миксерлеп аламыз.
Електегі ұнға 1 шай қасық разрыхлительді қосып араластырып аламыз.
Ұнды аз аздан сұйық массамызға қоса отырып миксерлеймізбіркелкі масса шыққанша.
Дайын массаны екіге бөліп жартысына 2 ас қасық какао қалған жартысына тағы да 2 ас қасық ұн қосып араластырып аламыз.
Форманы алып ақ және қара массаны кезегімен 2 ас қасықтан видеодағыдай етіп құйып шығамыз .
Қалауымызша өрнек салып қызып тұрған 180 градус пеште 25-30 минут шамасында пісіріп аламыз.
Ас болсын
пирогзебра зебрапирог пирогрецепт пирогжираф сладкаявыпечка сладкиепироги быстрыйпирог
Источник: rutube.ru